Тазалық айы басталды

Сәуір айының алғашқы күні Ақтөбе қаласының тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, түрлі мекеме қызметкерлері қолына кетпен-күрегін алып, қыстан қалған қоқысты тазалау үшін сенбілікке шықты. Жалпықалалық тазалық сенбілігі екі айға жалғасады.